Жасөспірім жəне қылмыс .Қауіпсіз Интернет "тақырыбында дөңгелек үстел » «№97 жалпы орта ,білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№97 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(9783) 21-28-52
(9787) 532-97-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірім жəне қылмыс .Қауіпсіз Интернет "тақырыбында дөңгелек үстел
02
қазан
2019

Жасөспірім жəне қылмыс .Қауіпсіз Интернет "тақырыбында дөңгелек үстел

Шымкент қаласына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп -гимназия əкімшілігі 2019 жылдың 02 қазан күні 9-10-11 сынып оқушыларына "Қылмыссыз жарқын болашақ. Жасөспірім жəне қылмыс .Қауіпсіз Интернет "тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
 Өткізілген іс-шараның мақсаты :
 1) Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу; 2) Құқықтық сауаттылығын арттыру; 3) Зиянды əдеттерден сақтану;
 4) Кәмелеттік жасқа толмағандардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының əсері түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттарды жеткізу;
 5) Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін жоғарлату бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту :
 6) Ұлттық рухы биік, бәсекеге қабілетті, "Мәңгілік Ел "идеясын ұстанатын, білімді жастар тəрбиелеу
 Дөңгелек үстелдің барысында төменгі тақырыптар бойынша 10-11 сынып оқушылары баяндама жасады :1)"Жасөспірім жəне қылмыс " (Қылмыс деген сөзге толық анықтама берілді, жасөспірімдердің арасында қай қылмыс түрлері жиі кездеседі;жеке адамдарға қарсы қылмыс түрлері мен қылмыстық жауапкершілігі; Жастарды қылмысқа итермелейтін себептер:
 -Төменгі экономикалық -қоғамдық статус;
 -Алкоголь жəне наркотикалық заттар;
 -құрдастарының əсері т. б. )
 2) "Саналы ұрпақ -жарқын болашақ";
 3) "Ғаламтордың зияны. Тыйым салынған сайттарға кірмеу туралы ":
 4) 14-29 жастағы жастардың жетістіктері (дүниежүзі жəне Қазақстан Республика бойынша )
 Мектепішілік іс-шараның соңында мектебіміздің жарық жұлдыздары -халықаралық ,, республикалық , облыстық, қалалық пəндік олимпиада ,ғылыми жобалар сайыстарының, мәнерлеп оқу жəне əн-би байқауларының, ,спорт жарыстарының жеңімпаздары мен чемпиондары туралы бейнеролик көрсетті.
 Іс-шараға "Жастар ресурстық орталығының " инспекторлары Тастанбеков Нұрсұлтан Ерғалиұлы, Асабаева Үлмекен Қалдыбайқызы, Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының қызметкері Əбілқасым Қасымхан Маратұлы жəне академик Ə.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің жастар ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы Бексейт Əшірбекұлы қатысты.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив