Калыбекова Роза Токтасыновна » «№97 жалпы орта ,білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№97 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(9783) 21-28-52
(9787) 532-97-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қазан
2019

Калыбекова Роза Токтасыновна

Калыбекова Роза Токтасынқызы, 1977 жылы 10 шілдеде Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, Бадам-1 ауылында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ.

    1984 жылы №22 «Жұлдыз» орта мектепке 1- сыныпқа барып, 1994 жылы аталған мектепті үздік тәмамдадым. Бесіктен қазақтың ұлттық тәрбиесін бойыма сіңіріп, адамгершілік нәріне қанып өскен мен мектепте әр түрлі қоғамдық  жұмыстарға белсенді қатыстым. Баршаға мәлім, «тақыр жерге шөп шықпайды», - демекші әу баста мұғалім боламын деген шексіз құштарлығым бозбала шағымда оянды. Олай дегенім «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, тәжірибелі ұстазымыз қаншама жастардың өмір айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілуіне дем беріп, ақыл - кеңесін берген қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінен үлгі алып шыңдалдым.

       2005 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі» факультетіне түсіп,       

      2010 жылы оқу орнын бітірдім. 1972 жылы 16 мамырда дүниеге келген Калыбеков Жасулан Аманбайұлымен некелескенмін. Ол Шымкент қаласында туылған. Жеке кәсіпкер. Менімен бірге Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жайлау көшесі 29-үйде тұрады. Екі қыз, бір ұлым бар.

      2008 жылдың 21 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін осы мектепте қызмет атқарудамын. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» және «Тәжірибедегі рефлексия» курсын аяқтап, сертификатталдым. «Тиімді оқыту мен оқу» курсы бойынша 16 әріптесінің сертификатталуына өз үлесімді қосқан мектепішілік  тренермін.

     2018 жылы «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы білім сапасына қол жеткізу» тақырыбында облыстық семинарда жоғары деңгейде ашық сабақ бергені үшін марапатталдым.

     2018 жылы   өз жұмысын адал және кәсіби түрде атқарып, көрсеткен жоғары дәрежесі үшін  алғыс хатпен марапатталдым.

    2018 жылы «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына дайындаған оқушым  І орынға  ие болғаны үшін мақтау қағазымен марапатталдым.

     2019 жылы «Латын  әліпбиіне көшу рухани жаңғырудың іргетасы» тақырыбындағы облыстық семинарда коучинг сабақ бергенім үшін марапатталдым.

     2019 жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген   республикалық «Егемен еліміздің үздік ұстаздары» байқауына ұсынған жұмыстарым үздік деп танылып, дипломмен марапатталдым.

     2021 жылы   «Үздік  сабақ жоспары» қалалық  сырттай байқауында озық идеялы іс –тәжірибесін ұсынғаным үшін  І дәрежелі дипломмен марапатталдым.

     2021 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «Эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен педагогтар арасында өткен Республикалық «Жылдың үздік авторы -2021» атты шығармашылық  «Бастауыш сыныпта саралап оқытудың тиімді әдістері» тақырыбы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткенім үшін І дәрежелі дипломмен марапатталдым.

     2021 жылы Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстаннның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен  «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атты республикалық байқауға қатысып  І дәрежелі дипломмен марапатталдым.

     2022 жылы «Дарын» РҒПО-ның алғыс хатымен марапаталды.

     2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдер арасында өткен «Білімді мұғалім» сайысынан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.

     2018 жылы «Латын әліпбиі – мектепалды даярлық үрдісінде» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстелге қатысқаным үшін сертификатталдым.

     2018 жылы «Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін   арттыру жолдары» тақырыбындағы республикалық  ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаным үшін сертификатталдым.

     2019 жылы «Жаңартылған жүйе: ЖОО мен педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының сабақтастығы» тақырыбында халықаралық ғылыми практикалық конференцияға белсенді қатысқаным үшін сертификатталдым.

     2021 жылы «Galamat» онлайн мектебінің КӘСІПКЕР МҰҒАЛІМ «ЖЫЛДАМ ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҚ» курсы бойынша білім жетілдіргенім үшін сертификатталдым.

     2022 жылы  Педагогикалық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «ПЕДАГОГТЫҢ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ: САРАПТАМАҒА  ДАЙЫНДЫҚ» тақырыбы бойынша  біліктілікті арттыру курсын аяқтағаным үшін  сертификатталдым.

     2019 жылы «Жаңартылған жүйе: ЖОО мен педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының сабақтастығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Мәңгілік елдің» мәңгілік тілін үйренудің кілті – жаңа технология» атты мақалам жарияланды.

     2021 жылы «Бастауыш  сыныпта саралап оқытудың тиімді әдістері» атты авторлық оқу-әдістемелік құралым жарыққа   шықты.

     2022 жылы   «Қазақ  педагогикасы» журналы «Ит - адамның досы» тақырыбында  сабақ  жоспарым жарияланды.

     2022 жылы «UZDIK  USTAZ» республикалық ғылыми - әдістемелік  журналы «LESSON  STUDU – БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫНЫҢ  БІРІ» атты мақалам жарияланды.

     2022 жылы «UZDIK  USTAZ» республикалық ғылыми - әдістемелік  журналы «МЕНІҢ   ТРЕНЕР   БОЛУДАҒЫ  МАҚСАТЫМ»  атты мақалам жарияланды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив