Ерназарова Гульзия Оразбековна
Ерназарова Гульзия Оразбековна ҚР, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Тельман бөлімшесінде, 13 шілде 1979 жылы жұмысшы отбасында дүниеге келдім. Әкем-Ерназаров Оразбек Жандарбекұлы құрлысшы болған (дүниеден озған), анам-Ерназарова Үрзия Ержанқызы үй шаруасындағы әйел (қазіргі таңда зейнеткер). Отбасымызда 5 қыз,1 ұл. Өзім 2 перзентімін.
1985 жылы 1 қыркүйек күні №40 В.И.Ленин атындағы мектепке 1 сыныпқа қабылданғанмын. Мектепте барлық қоғамдық жұмыстарға араласып, сол мектеп 1996 жылы 25 мамырда №51 Төле би атындағы орта мектепті 11 сыныпты жақсы бағамен аяқтадым.
1996 жылы Араб университетінің «қазақ тілі мен қазақ әдебиеті және араб тілі» пәнінің мұғалімі мамандығына 1 курсқа қабылданғанмын. Сол оқу орны Халықаралық қазақ-араб университетін 2000 жылы «қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» пәні мұғалімі дипломын алдым.
1999 жылы 1 қыркүйек күні №38 Нұртас Оңдасынов атындағы гимназия-мектебінің мектепалды даярлық тобына мұғаліміні болып қабылдандым. Қараша айында оқушы сыймауына байланысты мектеп төңірегіндегі «Красная шапочка» бала-бақшасына ауыстырды.
2000-2002 жылы 1 қыркүйектен бастап №38 Нұртас Оңдасынов атындағы гимназия-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым. Сол жылы тұрмысқа шығып бала күтімімен демалысқа шықтым.
2002 жылы Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, Бадам-2 ауылының №40 орта мектепке қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалім қызметіне қабылдандым. Қазіргі таңда Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектебі.
2020-2023 оқу жылында Шымкент қаласындағы «Шымкент университетінде» қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша магистр дәрежесін алдым.
2022 жылы 1 қыркүйектен бастап зерттеуші-педогог дәрежесін алдым.
Отбасылымын, жолдасым-Тажиманов Даулет Еркимбекович (жалдамалы жұмысшы), тұңғышым-Еркимбек Аяжан Даулетқызы (тұрмыста, студент), 2 қызым Еркимбек Диана Даулетқызы (тұрмыста, студент), 3 қызым Еркимбек Балауса Даулетқызы (студент), 4 қызым Еркимбек Ұлпан Даулетқызы (студент).
Қазіргі таңда №97 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарудамын (23 жыл жұмыс өтілімім)