Молбосынова Озипа Алиевна » «№97 жалпы орта ,білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№97 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(9783) 21-28-52
(9787) 532-97-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қазан
2019

Молбосынова Озипа Алиевна

Молбосынова Өзипа Әлиқызы Төле би ауданының тумасы.Осында оқыды,осында бой жетті."Екпінді"атындағы орта мектепті бітірген соң өзі туып-өскен ауылдағы кітапханада жұмыс істеді.Ауылдағы кітапсүйер қауымның көңілінен шығып,қоғамдық жұмыстарға, мәдени іс-шараларға белсенді араласып жүрді.Қыз жиырма жасқа келгенде теңін табады, отбасын құруға дайындалады.Өзипа да жиырма жасында Сайрам ауданына қарасты Бадам-2 ауылының азаматы Молбосынов Мүслімханға тұрмысқа шығып,жүрек қалауларымен шаңырақ көтерді.Әрине,үйлену оңай,үй болу қиын демекші алғашқыда біраз қиындықтар болмай қалған жоқ. Отағасы екеуі уақытша қиындықтарды бірлесе еңсерді,шаңырақ шаттығының шырағын бірге жақты.Осындағы"Жұлдыз"орта мектебіне ұзартылған күн тобы бойынша жұмысқа қабылданып,басшылық тарапынан берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындауымен көзге түсті.Сырғып айлар,жылжып жылдар өтіп жатты.Мүслімхан екеуі алтын асықтай 4 ұл тәрбиелеп өсірді.
Ауыл-аймаққа абыройлы келін атанып,әріптестер ортасында шоқтығы биіктеп,туған-туыс арасында беделі артып,тек қана болашаққа үлкен үмітпен қараған бұл кісі биыл 60 жасқа толып,өткен өмір жолдарына есеп бергенді жөн көріпті.Артына бұрылып қараса,өзегін өкініш шалатындай өрескел қателікке жол бермепті."Әттеген-ай"дегізер оғаш әрекетке де бара қоймапты.Бар есіл-дерті елге қызмет ету,шаңырақ шаттығын сақтау,әулеттің абыройын ойлау мен перзенттерін қатарларынан кем қылмай тәрбиелеу ғана болыпты.Қазір төрт ұлы төрт шаңырақтың иесі,үбірлі-шүбірлі.Ата-аналарына 8 немере сүйгізіп отырған үлгілі жандар.Өзипаның өзі болса Бадам-2 ауылындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.Егер ол кісінің жалпы еңбек өтілін есептесек,44 жыл болыпты.Ал,
педагогика саласындағы еңбек өтілі тұппа-тура 40 жыл!Әлі де еңбектен қол үзбеген ардақты ана,ұлағатты ұстаз,абыройлы жан өзінің еселі еңбегін ел игілігіне арнай беруден танбақ емес.
"Менің бақытым-балаларым,
ұстыным-отағасым,баяным-немерелерім,керегем-келіндерім,шаңырағым-Отаным,
қуанышым-ортам"-
дейді Өзипа Әлиқызы.Бәрекелді,шығар тауыңыз мұнан да биік болсын!
Ұлжан Миятқызы,
республикалық"Ұстаз жолы"қоғамдық қорының атқарушы директоры