Абдрахманова Гулзира Калдановна » «№97 жалпы орта ,білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№97 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(9783) 21-28-52
(9787) 532-97-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қазан
2019

Абдрахманова Гулзира Калдановна

Абдрахманова Гулзира Калдановна ҚР, Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, Бадам 2  елдімекенінде, 29 наурызда 1972 жылы  дүниеге келдім. Әкем-Абдрахманов Қалдан Шералыұлы мектеп мұғалімі болған, (дүниеден озған), анам-Наурызбаева Халифа шина зауытында лабарант қызметін атқарған (қазіргі таңда зейнеткер). Отбасымызда 3 қыз,2 ұл. Өзім 3 перзентімін.

    1979 жылы 1 қыркүйек күні №37 Жұлдыз орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданғанмын. Мектепте барлық қоғамдық жұмыстарға араласып, сол мектепте 1989 жылы 25 мамырда 10 сыныпты жақсы бағамен аяқтадым.

    1989 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтына түсіп,1993 жылы аталған институттың кітапханашы - библиограф мамандығы бойынша бітіріп шықтым .

      1993 жылы 1 қыркүйек күні Арыс ауданы Теміржолшы совхозы Теміржолшы шағын жинақталған бастауыш мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым. Сол жылы тұрмысқа шығып бала күтімімен демалысқа шықтым.

    1997 жылы Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, Бадам-2 ауылының №40 орта мектебіне  бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым. 

    2001 жылы Оңтүстік Қазақстан педогогика университетіне түсіп ,2004 жылы аталған университеттің Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

     Қазіргі таңда Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектебі.

   2019 жылы қарашадан бастап сарапшы -педогог дәрежесін алдым.

   Отбасылымын, жолдасым-Ибатов Сапаралы Темірханұлы(жеке кәсіпкер), тұңғышым-Темірхан Әділхан Сапаралыұлы (үйленген,шопыр), келінім Темірхан Гүлбану Маратқызы (бала күтімінде),  қызым Темірхан Зульфия Сапаралықызы (тұрмыста,емханада социолог),  қызым Темірхан Ақмарал Сапаралықызы (мектепте 3-сыныпта оқиды), немерем Сапаралы Жауқазын Әділханқызы (3жаста,бала бақшаға барады),немерем Сапаралы Раяна Әділханқызы(1 жаста)

      Қазіргі таңда №97 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі қызметін атқарудамын (30 жыл жұмыс өтілімім)

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив