Исабекова Айгерим Джалилкановна
Исабекова Айгерим Джалилкановна, 1987ж 27 тамызда Өзбекстан Республикасы, Джиззах облысы, Гагарин қаласында дүниеге келдім. 1994жылы Гагарин қаласының А.Құнанбаев атындағы №2 орта мектебінің 1-сыныпқа бардым. 2000ж Шымкент қаласына көшіп келіп, Т.Рысқұлов атындағы №25 гуманитарлық-этнопедагогикалық гимназия мектебіне бардым. Аталған мектепті 2005жылы тәмамдадым.
2005 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті педагогикалық мәдениет және өнер институтына «Тарих» факультетіне түсіп, 2009 жылы оқу орнын қызыл дипломмен бітірдім.
1979 жылы 23 қыркүйекте дүниеге келген Исабеков Орынбек Нұржанұлымен 2008 жылы некелестім. Жолдасым «КазТрансОйл» компаниясында инженер-электрик маманы болып жұмыс атқарады. Менімен бірге Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас мөлтекауданы, Үшқара көшесі №96 үйде тұрамыз. Екі қыз, үш ұлым бар.
- Исабекова Аделя Орынбекқызы – Әл – Фараби академиясында 7-сынып оқушысы.
- Нұржан Айсұлтан Орынбекұлы - №132 ЖОББМ 5-сынып оқушысы.
- Нұржан Жанали Орынбекұлы - №132 ЖОББМ 3-сынып оқушысы.
- Нұржан Айбике Орынбекқызы – «№61 Нұртас» бала бақшасында тәрбиеленуші.
- Нұржан Баймырза Орынбекұлы – «№61 Нұртас» бала бақшасында тәрбиеленуші.
2009 жылдың қыркүйек айында №40 жалпы орта мектепке іс – жүргізуші қызметіне жұмысқа қабылдандым. 2015жылы осы мектепке тарих пәнінің мұғалімі болып ауыстым. Қазіргі таңда «№97 жалпы орта білім беретін мектебі» коммунальдық мемлекеттік мектебінде тарих мұғалімі, іскер ұстазбын деп айта аламын.
Оқушылардың жетістіктері:
- 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушысы Айдархан Мөлдір сертификат.
- 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушысы Асқарқызы Шакира сертификат.
- 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушысы Құдайберді Сержан сертификат.
- Дарын орталығы ұйымдастырған олимпиададан Құдайберді Сержан 1 орын иеленді.
- Дарын орталығы ұйымдастырған олимпиададан Құдайберді Сержан 3 орын иеленді
Мұғалімнің жетістігі:
- 2015-2016 оқу жылына арналған Ә.Бөкейхановтың 150-жылдық мерей тойына орай «Қазақ халқының тарихындағы Әлихан Бөкейханның рөлі» тақырыбында мұғалімдер арасында шығарма байқауынан І орын, Мадақтама.
- 2015-2016 оқу жылы, «Үздік жас маман» номинациясы, Мадақтама.
- 2015ж «Тәуелсіздік тұғырым» атты қалалық байқау нәтижесінде ІІІ орын, Диплом.
- 2021ж, «Тарих, өзін-өзі тану пәндерінің онкүндігіне белсене қатысқаны үшін, Мадақтама
- 2021ж. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан жоғары нәтижелері үшін Мадақтама.
- 2021 ж. №97 ЖОББМ 16 желтоқсан ҚР-ң Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Алғыс хат.
- 2021ж ҚР Тәуелсіздігіне орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тақырыпта көрмеге белсене қатысып, ІІІ орын, Мадақтама.
- «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» атты жоба аясында «Қашықтан оқыту заман талабы» атты Республикалық конференциясына қатысып, І орын, Диплом.
- Республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ» ғылыми – танымдық газетінің журналында материалы жарияланғаны үшін Сертификат берілді.
- «Ұстаз жаршысы» газетінде мақала жарияланды.
- «Тәрбие үдерісі – жаңартылған білім беру жүйесінің қозғалыс күші» атты тақырыпта әдістемелік құрал жазып жатыр.
Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагогы Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.