Арыков Кайрат Тулегенулы » «№97 жалпы орта ,білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№97 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(9783) 21-28-52
(9787) 532-97-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қазан
2022

Арыков Кайрат Тулегенулы

Арыков  Қайрат Тулегенулы 1973 жылы 21 наурыз айында Қызылорда  облысы Жалағаш ауданы, Мәдениет савхозында  дүниеге  келдім. 1980 жылы  Шымкент қаласы Қайтпас елді мекенінде орналасқан  Е.Молдабаев  атындағы   №58 жалпы орта мектепте     1 сыныпқа қабылданып  1988 жылы мектепті бітірдім. 1988 жылы  Шымкент қаласында орналасқан  Шымкент дене шынықтыру техникумына түсіп  1991 жылы бітірдім.  1991 жылы №58  мектепке бастауыш сыныпқа дене  шынықтыру пәні бойынша жұмысқа орналастым.

   1991ж 25 маусым айынан  1992 ж 20 қараша айына дейін Ленинский городским Кызыл-орда облысы  НС №5215213  әскери міндетімді атқарып қатардағы сержант шенін алдым.

  1993 жылы   Шымкент  қаласы педагогикалық дене тәрбие институтына түсіп, 1998 жылы  М.Әуезов  Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік  университетін  дене   шынықтыру  мәдениеті және  еңбек мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

  Еңбек жолдарым:

27.07.1991-01.09.1997жж №58 жалпы орта мектеп бастауыш сыныптарда дене шынықтыру пәнінің мұғалім қызметін атқардым.

01.09.1997-26.08.2000жж №69 дарынды балалардың экономика және құқық лицейінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Осы лицейде 1998ж контракт бойынша алғашқы әскери дайындық қызметін атқардым. 

01.09.2000ж №58 қазақ орта мектебіне дене тәрбиесінің мұғалімі болып қабылданды.

01.09.2009-20.12.2010жж №58 қазақ орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары етіп тағайындалдым.

20.12.2010ж №72 жалпы орта мектебіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары етіп жұмысқа қабылдандым.

25.09.2012ж Сайрам аудандық білім беру бөлімі ҚР Еңбек кодексінің 29- бабының 1-тармағы,2-тармақшасына,229 бабына және бөлімі ҚР Білім және ғылым  министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасы бойынша Сайрам аудандық білім беру бөлімінің №79 жалпы орта мектебінің директоры қызметіне қабылдандым.

Қазіргі таңда 01.03.2022ж ҚР Еңбек     кодексінің 139-бабының 8-тармағы және «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшысы ротациялауды жүргізу қағидалары туралы» ҚРБжҒМ-нің 2021 жылғы 11 қарашадағы №559 бұйрығына сәйкес,№97 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры лауазымына тағайындалдым.


Қосымша білім, қайта даярлау және біліктілікті көтеру: 

  «Өрлеу» АҚ, Шымкент қаласы 10.10.2011ж

10.11.2012ж ОҚ, облысы бойынша педагогикалық қызметкерлдердің біліктілігін     арттыру  курсы  ПШО, Астана қаласы.

26.01.2015-12.02.2016жж  Жалпы білім беру ұйымдары  басшыларының біліктілігін арттыру курсы  ПШО, Астана қаласы 

28.03.2016ж Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін  арттыру курсы

ПШО, Шымкент қаласы

30.09.2016ж Жаңарту шеберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы.

2020 жылғы  31 желтоқсан айында  Педагог біліктілік санаты бойынша «Педагог сарапшы» куәлігін алдым.

 2021 жылы  Шымкент  қаласы  білім басқармасының  аттестаттау комиссиясының  шешіміне сәйкес  және 2021 жылғы  «31» желтоқсандағы  №694     бұйрығының 1-қосымшасына  сәйкес екінші  санатты  басшы      лауазымы  бойынша  біліктілік     санатын  алдым.


Отбасы жағдайым – үйленгенмін. Жұбайым және 3 ұл,3 қызымыз бар.


Мен және менің жақын туыстарым сотты болмағанбыз.