Жусипбекова Лазат Исламовна
Мен, Жусипбекова Лазат Исламовна, 1970жылы 16 қаңтарда Қарағанды облысы,Жезғазған қаласында дүниеге келдім.
1977 жылы Шымкент қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №44 орта мектепке бардым. 1987 жылы мектепті тәмамдадым.1987 -1989 жыл аралығында Шымкент қаласындағы «Айжан» бала бақшасында тәрбиге көмекші қызметін атқардым.1989 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп,Қ.А Яссауауи атындағы қазақ-түрік университетінің М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының химия-биология мамандығы бойынша 1994 жылы бітіріп шықтым.1994 -1999жыл аралығында жоғарыда көрсетілген инситутта аға лаборант болып жұмыс жасадым. 1999 жылы желтоқсан айынан бастап Сайрам ауданы,№40 жалпы орта мектебіне химия-биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым.Қазіргі таңда №97 жалпы орта білім беретін мектебінде химия пәні мұғалімі болып жұмыс жасаймын.
1995 жылы Мүсәлі Шадияр Ахтайұлы есімді азаматпен отбасы құрып, 1996 жылыАхтай Меруерт Шадиярқызын,1997 жылы Ахтай Аспандияр Шадиярұлы,2001 жылы Ахтай Арайлым Шадиярқызы есімді балаларымды дүниеге әкелдім. Отбасымызда ешкім сотталмаған.