Жандарбекова Дана Абильсейтовна
Жандарбекова Дана Абильсейтовна, ҚР, Шымкент қаласында , 14 ақпан 1989 жылы дүниеге келдім. Әкем-Жандарбеков Абильсейт Алтайулы жеке кәсіпкер, анам- Амирова Акмарал Комеккызы, Alash-school мектебінің директоры болып жұмыс жасайды. Отбасымызда 1 қыз,1 ұл. Өзім 1 перзенттімін.
1995 жылы 1 қыркүйек күні №18 Б.Момышулы атындағы жалпы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданғанмын. Мектепте барлық қоғамдық жұмыстарға араласып, сол мектепте 2006 жылы 25 мамырда 11 сыныпты жақсы бағамен аяқтадым. ҰБТ жоғары балл жинап,
2006 жылы Алматы қаласына Қыздар педагогика университетіне түсіп, 2010 жылы аталған Ағылшын тілі аудармашысы мамандығы бойынша бітіріп шықтым .
2010 жылы 27 наурыз күні Төлеби ауданы, Маятас ауылындағы № 18 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қабылдандым. Сол мектепте жұмыс жасап жүріп, 2011 жылы Алматы қаласына Қыздар педагогикалық университетіне екінші жоғары оқу орнына сырттай оқуға түсіп, 2013 жылы «шет тілі-екі шет тілі пәні мұғалімі» мамандығын бітіріп шықтым.
2013 жылы Төлеби ауданы, Айнатас ауылында №126 Айнатас НОМ ауысып, сол мектепте 2016жылға дейін жұмыс жасадым. 2017 жылы Шымкент қаласы, №8 Дулати атындағы мектеп –гимназиясына отбасылық жағдайыма байланысты ауысып, сол мектепте 2020ж дейн жұмыс жасадым.2020 жылы №126 Айнатас НОМ ауысып, жұмысымды жалғастырдым.
2019 жылы Шымкент қаласы АИУ оқуға түсіп, Педагогика ғылымдарының магистры дипломын алып шықтым.
2022 жылдың 15 ақпан күнінен бастап №97 ЖОМ ауысып, қазіргі таңда осы мектепте жұмыс жасаймын.
Отбасылық жағдайым:
Қызым: Мирзағани Еңлік Сағиқызы, жасы 14, 8 сынып оқушысы.