Тюебаков Берік Маханұлы » «№97 жалпы орта ,білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№97 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(9783) 21-28-52
(9787) 532-97-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қазан
2021

Тюебаков Берік Маханұлы

Тюебаков Берік Маханұлы 1960 жылы 13 сәуірде ОҚО Кентау қаласы Байжансай поселкесінде дүниеге келген. Байжансай поселкесінде орналасқан №13 орта мектебінде білім алған. 1978 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеген.

     1981-1984 жылдары Шымкент физкультура техникумында, 1999-2002 жылдары Алматы үздіксіз білім беру университетін бітірген.

Еңбек жолын 1980-1984 жылдары Кентау қаласындағы №13 орта мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі болып бастаған.

1984-1994 жылдары Кентау қаласында орналасқан №20 сегізжылдық мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі болып, 1992 жылы  директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

1994-1996 жылдары Шымкент қаласындағы №22 «Жұлдыз» орта мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі, 1996-2004 жылдары №66 орта мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі,  директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2004 жылы №40 орта мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі болып қабылданып, қазіргі №97 жалпы орта білім беретін мектебінде қызмет атқарып келеді. Мектеп ұжымында абыройлы, ұлағатты ,әріптестерге үлгі,ақылшы, ардагер ұстаз

 Отбасында өмірлік жары Байдыбекова Роза апаймен 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке, асыл жар, Ұлы мен қызынан 7 немере көріп,өсіріп отырған қадірлі ата.

Сіз өз мамандығын жете меңгерген, ұжымның алдында ерекше беделге ие болған жансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз 

Сіздің өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой-беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманысыз. Туған күніңіз құтты болсын! 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив